Димаш Құдайберген «Славян базары-2015» конкурсында Гран-при жүлдесінен үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген «Славян базары-2015» конкурсында Гран-при жүлдесінен үмітті

13.07.2015
Димаш Құдайберген «Славян базары-2015» конкурсында Гран-при жүлдесінен үмітті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскте өтіп жатқан эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық «Славян базары-2015» конкурсының Гран-при жүлдесінен үмітті. 

Димаш Құдайберген екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады. Сайыстың бірінші күнінде Константин Меладзенің «Опять метель» әнін орындаса, екінші күнінде француздың «Sos dun terien un detresse» әнін айтты. Үш күн болған шарада қазақстандық әнші қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Жас орындаушы Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті. Ол  2012 жылы «Шығыс базары» конкурсында жеңіске жетсе, бір жылдан кейін жас орындаушылардың «Мейкин Азия» алғашқы халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, «Славян базары-2015» байқауында Беларусьтен келген Валерия Грибусова екінші орынды иеленді, ал, болгариялық Николай Манолов үшінші орын алды.

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтарды ұсыну марапаты бүгін, 13 шілдеде «Славян базарының» жабылу салтанатында өтеді. Шараға Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қатысуы күтілуде.

Хабарламаларға жазылу