Төрт жыл бұрын Данияр Елеусінов Зарина Диасқа бокстан шеберлік сыныбын өткізген еді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төрт жыл бұрын Данияр Елеусінов Зарина Диасқа бокстан шеберлік сыныбын өткізген еді (ФОТО)

10.07.2015
Төрт жыл бұрын Данияр Елеусінов Зарина Диасқа бокстан шеберлік сыныбын өткізген еді (ФОТО)

Төрт жыл бұрын 2013 жылғы Әлем чемпионы Данияр Елеусінов Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас үшін бокстан шеберлік сыныбын өткізген еді.

Шеберлік сыныбы мен фотосессия «Астана Спорт» журналы үшін ұйымдастырылған. Екі спортшыда сол кезде қазақстандық спорттың жаңа жұлдыздары еді. Сол жылдары Зарина Диас Кремль Кубогындағы, ал Данияр Елеусінов 2010 жылғы Азия Ойындарындағы жеңісімен танылған.

Фотосессия астаналық бокс орталығында өтіп, онда БЖСМ (ДЮСШ) кішкентай боксшылары да қатысқан. Барлық снарядтармен жаттыққан Заринаға бокс қолғаптары өте жарасымды көрінді.

Фотолардың авторы: Владимир Шаповалов ©

Хабарламаларға жазылу