Дәурен Елеусіновтің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі Нью-Йоркте өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Елеусіновтің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі Нью-Йоркте өтеді

23.11.2014
Дәурен Елеусіновтің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі Нью-Йоркте өтеді

ҚР-ның бокстан спорт шебері, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы Дәурен Елеусінов 3 желтоқсанда Нью-Йоркте кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы оның туған інісі - Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«3 желтоқсанда үлкен ағам Нью-Йоркте кәсіби рингке алғаш рет шығады. Қазақстандықтар, жерлестеріңізді қолдаңыздар!», - дейді Данияр.

Дәурен Елеусінов жастар арасында көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы.

Хабарламаларға жазылу