Бокстан Ұлттық құрама мүшелері Астанада кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Ұлттық құрама мүшелері Астанада кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуде (ФОТО)

31.03.2015
Бокстан Ұлттық құрама мүшелері Астанада кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуде (ФОТО)

Астана бокс федерациясының залында бокстан Ұлттық құрама мүшелері кезекті оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов сәуірдің 3-і АҚШ-қа аттанып бара жатқанын мәлімдеді. Ол жақта спортшылар Рой Джонстың бокс залында жаттығады.  

Америкаға баратын боксшылардың қатарында Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы мен Данияр Елеусінов бар.

Сонымен қатар, Ұлттық құрама боксшылары алдағы уақытта Таиланд пен Албанияда өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Хабарламаларға жазылу