Азия ойындарының финалында – Жәнібек Әлімханұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының финалында – Жәнібек Әлімханұлы

02.10.2014
Азия ойындарының финалында – Жәнібек Әлімханұлы

Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы үндістандық Кристиан Викашты 2:1 (28:29, 29:28, 30:27) есебімен жеңіп, финалға өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91) мен Біржан Жақыпов (46-49 келі) финалға шыққан болатын. Ал Қайрат Ерәлиев (56 келі) Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған.

Фото: Данияр Майлыбаев

Хабарламаларға жазылу