Басты Жаңалықтар ШҚО-да бірнеше бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылды

ШҚО-да бірнеше бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылды

 Өткен түнде шығыста қар аралас жаңбыр жауып, оның соңы көктайғаққа айналды. Өңірдегі солтүстік аудандарда ауа темпратурасы бірден 10-15 градусқа төмендеді. Сондықтан жолдағы қауіпсіздік үшін тіркемелі немесе жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысына шектеулер енгізіледі. Ал кеше кешке облыстық маңыздағы Өскемен-Тарғын-Самар, Теректі - Ұранқай - Төсқайың және Өскемен - Таулы Үлбі - Северное жолдары уақытша жабылды. Қарашаның бірінен бастап көліктеріне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге жол жүруге жол полициясы тиым салып жатыр.

Бөлісу