Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
Еуропалық журналист «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының «Бельгиядағы туризм елшісі» атанды. Бірнеше еуропалық басылымның редакторы Дерия Сойсал Қазақстанның көрікті мекендерін жарнамалауға, елге турист тартуға қосқан үлесі үшін осындай құрметке лайық деп танылды. Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы Қазақстандағы саяси- экономикалық, әлеуметтік-құқықтық реформалар, мәдени шаралар жайлы бірнеше мақаланың авторы. Елдегі тың өзгерістерді жоғары бағалаған сарапшы барша қазақстандықтарды Республика мерекесімен құттықтайды.
Дерия Сойсал, «Euro Reflect» басылымының басқарушы редакторы, Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Орталық Азиядағы ең алып держава Қазақстан қарқынды дамып келеді. Билікке Тоқаев келгелі елдеріңіз әлем мемлекеттеріне ашыла түсті. Қазақстан мен ЕуроОдақ қатынасы жылдан жылға белсенді дамуда. Елдеріңіз ЕуроОдақтағы екінші экономика Францияның маңызды серіктесіне айналды. Мен Қазақстанды қатты жақсы көремін. Ел халқына мол бақыт тілеймін. Қазақтың көк байрағы көкте әрқашан мақтанышпен желбіресін!
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30