Басты Жаңалықтар «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» мамандықтарына бөлінетін грант 2 есе артты

«Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» мамандықтарына бөлінетін грант 2 есе артты

Қазақстанда «Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бағдарламасы бойынша грант саны екі есе өсті. Бакалавриатқа бөлінетін грант 20-дан 100-ге дейін көбейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, архив және кітапхана саласы бойынша кадр даярлауға еліміздің бес өңірінде қосымша 89 грант бөлінді. Жамбыл Ақтөбе облыстары мен Астана қаласында жаңа ғимараттар пайдалануға берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» веб-порталын іске қосты. Онда Ұлы Отан соғысына қатысқан 690 мыңнан астам жауынгер туралы мәліметтер топтастырылған. Мемлекет басшысының Құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды. «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағын қайтарылды. Сондай-ақ Ұлттық кітап күні де биыл алғаш рет аталып өтті.

«Архив – 2025» жобасы аясында 14 елден мыңнан астам бірегей тарихи құжат жиналды. Архив материалдарын сақтау мен бірыңғай электрондық архивтің құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.

Бөлісу