Каспий теңізінің тағдырына алаңдаған белсенділер дабыл қақты
Осылай, Ақтауда қарт каспий теңізінің жағасында дабыл қағылды. Барабанның дүрсілі – жаһанға қарата айтылған үндеу. Каспий теңізінің толқыны бәсеңдеп, жылдан жылға судың деңгейі азайып барады. Тағы бір өзекті мәселе – сол теңіздің ластануы. Осыған байланысты «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері Ақтауда экологиялық шара өткізді. Жүздеген барабанның дүрсілі теңіздің толқынымен астасып, көкке алып батпырауық ұшырылды. Оның ұзындығы 22 метр. Батпырауықта «Каспийді сақтайық» деген үндеу жазылған.
Әлем Әліпбаев, «Жаңа адамдар» қозғалысының
белсендісі:
«Біз осы акция бойынша видео түсірдік. Ол үш тілде болды. Қазақ, орыс, ағылшын. Бұл үндеуді бәрі көру үшін басқа елдерге де тараттық. Яғни, бұл тек ғана Қазақстанның мәселесі ғана емес, барлық Каспий маңындағы мемлекеттердің мәселесі».
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00