Барлық банкке ипотека бойынша бірдей шарт ұсынылып отыр
Мемлекет жеңілдетілген ипотека бойынша барлық банкке бірдей шарт ұсынып отыр. Сондықтан, тұрғын үйге қол жеткізудің мүмкіндігі артуы тиіс. Ипотекаға өтініш қабылдауды тоқтатқан немесе ішінара шектеу енгізген банктерде баспанаға арналған бағдарламалар қайта жанданып, қатары артады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов осылай деді.
Берік Шолпанқұлов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
«Отбасы банкінен бөлек, тұрғын үй жинақтау мен тұрғын үй несие беру функциялары екінші деңгейлі банктерге де берілетін болады. Яғни, белгілі бір банктегі шоғырлану азаяды және көптеген банктердің қатысу мүмкіндігі артады. Мемлекет заңнамаға сәйкес бірдей шарттарды ұсынады. Сондықтан біз бұл бағдарлама кеңейе түседі деп есептейміз»
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Үкімет жеңілдетілген ипотека көлемін екі есеге, яғни 500 млрд теңгеге ұлғайтуды көздеп отыр. Қаржыландыру «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00