Атырауда Жайық жағасын тазалады
Атырауда «Аманат» партиясының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті. Игі науқанға 50-ге тарта студент қатысып, Жайық жағасын қоқыстан тазартты. Нәтижесінде жарты тоннадан астам қалдық жиналып, арнайы автобазаға тапсырылды. Сондай-ақ акцияға қатысушылар жағада балық аулап отырған әуесқой балықшыларға тазалықты және табиғатты сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Абылай Құрметұлы, «Amanat» партиясы ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы:
Өзімнің жеке ойым, жалпы ең таза жер – бұл жиналған ер емес, шашылмаған жер деп білемін. Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» идеологиясы бар және экологиялық мәдениетті арттыру бар, соның нәтижесінде өзімнің байқағаным, соңғы 5-6 жылдықта қоғамның көзқарасы, экологиялық мәдениеті өте жоғарылады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00