Шымкентте «Таза Шым» эко акция өтті
Шымкентте экологиялық тазалық акциясы өтті. Белсенді жастар саябақ аумағын ретке келтіріп, ағаш бұтақтарын қырқып, қураған жапырақтар мен қоқысты жинады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдары сыпырылып, ирригациялық арналар тазартылды. «Таза Шым» атауымен өткен шараға 50-ден астам ерікті қатысып, коммуналдық қызмет өкілдеріне көмек көрсетті. Жалпы белсенділер табиғатты қорғау бастамасына қолдау білдірді. Ұйымдастырушылар мұндай экологиялық қозғалыстардың алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатынын айтты.
Жансерік Жұман, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:
Жапырақ жинау – бір қарағанда қарапайым іс сияқты көрінеді. Бірақ оның астында түрлі қоқыстар жатқанын байқаймыз. Басты ой – тұрғындар көп жүретін аумақтың таза әрі көрікті болуы.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00