Оңтүстік Кореяда «Алатаu City» жобасы таныстырылды
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында «Alatau Rise With Kazakhstan Forum» өтіп жатыр. Шараның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысып, инвесторлар мен серіктестерге жаңа «Алатаu City» жобасын таныстырды. Қыркүйек айында Президенттің арнайы Жарлығымен Алатау қаласына «даму қарқыны озық қала» деген арнаулы мәртебе берілген еді. «Alatau City» болашақта технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығына айналмақ. Форумда Қанат Бозымбаев электроника, жаңартылатын энергия, медицина, білім және қалалық сервистерді цифрландыру салаларында корей компанияларымен әріптестікті дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00