Басты Жаңалықтар Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың жобасы, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші Кеңес мүшелері Кешенді жоспар жобасына терең талдау жүргізіп, басқа мемлекеттердің тәжірибесі зерделенгенін айтып өтті.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Өткен отырыста айтылған бастамалардан да бөлек кеңес мүшелері жан-жақты пысықталған ұсыныстарын жеткізді. Кеңес мүшелері жай ғана формальді түрде, атүстіртін ғана өз пікірлерін жолдап қойған жоқ, құжат бойынша жүйелі, терең талдау жасап, жан-жақты, барлық бағытты қамтитын өз ұсыныстарын жасады.

Өз кезегінде кеңес мүшелері жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мәселелерін шешу жөнінде  пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында Ерлан Қарин мүдделі мемлекеттік органдарға Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын мұқият зерделеп, пысықтауды тапсырды.


Бөлісу