Қазақстанның Азаматтық форумы өтті
Бүгін Астанада Қазақстанның Азаматтық форумы өтті. Биылғы жиынның басты тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы». Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Форум аясында азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру және мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар әділетті және инклюзивті қоғам құруда азаматтардың белсенділігі мен өзара сенімнің маңызына тоқталды.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Кеше Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының Мемлекет басшысының қатысуымен алғашқы отырысы өтті. Президент атап өткендей, бұл мәселе қоғамның кеңінен тартылуын, барлық халық ұсыныстарын талдауды және зерделеуді талап етеді. Мен Конституция баптарына ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеу және талқылауға тікелей қатысу арқылы қоғамдық кеңестерді осы процеске тартуды маңызды деп санаймын.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00