Шетелдік оқытушылар Ақтөбеде ағаш екті
Шетелдік оқытушылар «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Олар «Heriot-Watt» университетінің Ақтөбедегі кампусының аумағына ағаш екті.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарының штабы ұйымдастырған шараға Италия, Иран, Пәкістан және Мысырдан келген профессорлармен бірге студенттер де қатысты. Акция «Менің атаулы ағашым» деп аталғандықтан, олар өздері еккен көшеттерді жайқалып өсіп кеткенше қадағалап, күтіп-баптап отыруды мойындарына алды. Болашақта бұл аумақ үлкен саябаққа айналуы тиіс.
Ахмат Халид, «Heriot-Watt» университет Ақтөбе кампусының оқытушысы:
Пәкістаннан келіп, осындай акцияға қатысып жатқаныма қуаныштымын! Алғысымды білдіремін. Қоршаған ортаны таза ұстау – барлығымызға міндет. Біздің елде де осы секілді шаралар өтіп тұрады. Көгалдандыру ағаш егу жұмыстары ақпан айында басталады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00