Семей қаласының жаңа әкімі таныстырылды
Бүгін Абай облысының әкімі елімізде тұңғыш рет өткен қала әкімін сайлауда жеңіске жеткен Әділет Қожанбаевты облыс активіне таныстырды. Ол сайлаушылардың 77,1 пайыз дауысын жинап, өзге үміткерлерден басым түсті. Жиын барысында Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қала әкіміне куәлік тапсырды. Әділет Қожанбаев Көкпекті ауданының тумасы. Еңбек жолын қаржы саласында бастаған. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Осыған дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарды. Өңірдің, оның ішінде Семей қаласының мәселелерімен жақсы таныс. Сондықтан жаңа әкім сайлаушылар сенімін ақтаймын деп уәде берді.
Әділет Қожанбаев, Семей қаласының әкімі:
Бұл – абыроймен бірге жауапкершілік. Үлкен сенім халықтың атынан беріліп отырған. Сондықтан осы сенімдеріңізді ақтауға, жерге қаратпауға, қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бірге жұмыс істейміз. Жұмыс көп.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00