Қазақстан тарабы америкалық инвесторлармен кездесті
Қазақстан тарабы америкалық инвесторлармен кездесті. Вашингтонда өткен іскерлік кездесуде Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ел экономикасының белсенді өсу саясатын таныстырды. Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Жиынға америкалық тараптан АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Куш Чокси, Chevron, Brownstein, Bectel, ExxonMobil, Citi, Mastercard, Boeing сынды басқа да жетекші корпорациялардың топ-менеджерлері қатысты.
Айта кетейік, АҚШ Сауда палатасы – 3 млн-нан астам компанияны, 3 мыңға жуық
өңірлік сауда палатасын және 830 салалық қауымдастықты біріктіретін әлемдегі ең
ірі бизнес-қауымдастық. Ал елімізде америкалық капиталдың қатысуымен 600-дан
астам кәсіпорын жұмыс істейді.Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика
министрі:
Қазақстан – америкалық бизнес үшін тартымды ел. Биыл еліміздегі ЖІӨ $330
млрд-тан асады, бұл – Орталық Азия экономикасының шамамен 60%-ы. 2024 жылғы
қорытынды бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ $14 мың, ал сатып алу қабілетінің
паритеті бойынша $44 мың асты. Ортамерзімді мақсат – 2029 жылға қарай ЖІӨ
көлемін $450 млрд-қа жеткізу.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00