Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды
Семейде екі күн бұрын өткен қала әкімі сайлауының нәтижелері белгілі болды. 89 441 дауыс жинап, қала басшысы болып Әділет Қожанбаев сайланды. Оны сайлаушылардың 77,1 проценті қолдаған. Әділет Қожанбаев осыған дейін облыстағы Көкпекті ауданы әкімі қызметін атқарған. Мемлекеттік қызметте тәжірибелі маман. Ал үміткер Қаныш Төлеуовке сайлаушылардың 10,8, Айболат Бекжасаровқа 8,4 проценті дауыс берген. Қаладағы 220 761 сайлаушының 53,7 проценті саяси додаға қатысып, таңдауын жасаған.
Гүлжан Қуанышева,Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:
Семей қаласы аумақтық сайлау комиссиясы шешті. 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданы әкімінің қызметін атқарған, Көкпекті ауылында тұратын Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы Абай облысы Семей қаласының болып тіркелді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00