Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты
Ақмолалық диқандар 7,1 млн тонна астық бастырып, рекорд жаңартты. Өңірде орақ науқаны әлі толық аяқталған жоқ. Әзірге егіс алқабының 94%-ы жиналды.
Орташа өнімділік гектарына 16,1 центнерді құрады, ал кейбір шаруашылықтар тіпті 60 центнерден өнім алған. Жиналған астықтың басым бөлігі жоғары сапалы. Биыл егістік алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 5,5 млн гектарды құрады. Өнімді әртараптандыру бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде соңғы екі жылда майлы дақылдардың егіс көлемі 2,5 есе өсіп, 500 мың гектарға жетті. Орақ науқанына барлығы 7 мыңға жуық комбайн жұмылдырылған.
Нұрбек Бадырақов, облыстық Ауылшаруашылығы және жер қатынастары
басқармасының басшысы:
Жалпы, егіс орағының соңына қарай 7 млн 400 мың тонна өнім жинау күтіліп отыр. Ол жалпы ел тарихындағы ең үлкен рекордтық көрсеткіш. Жалпы, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне 243 млрд тг көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 118 млрд осы шаралардың жеңілдетілген 5 пайыз несиемен қаржы бөлінді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00