Көне Қойлық қалашығының аумағы тазаланды
ЮНЕСКО қорғауындағы көне Қойлық қалашығының аумағы күл-қоқыстан тазартылып, маңы абаттандырылды. Жетісу облысындағы тарихи нысанда «Мәдени мұра – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық шара өтті. Тазалық акциясына музей қызметкерлері, өлкетанушылар мен Сарқан ауданының тұрғындары қатысты.
Берік Мұқатайұлы, тарихшы:
Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр. Соған біздің Қойлық ауылының тұрғындары да атсалысып, аудан болып облыстан келген көптеген адамдардың арқасында өзіміз де үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл қала туралы жазылып та, айтылып та жүр. Біз Қойлық шаһарында дүниеге келіп, М. Жұмабаев атыдағы мектепте дәріс бергенімізді мақтан етеміз.
Жастар экология тақырыбында ой қозғады
Ал Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Жастар экология тақырыбында қойылған сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырма орындады. Сайысқа колледж студенттері қатысты. Жеңімпаздарға диплом мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Алмагүл Ғаббас, қоғамдық даму орталығының маманы:
Біздің мақсатымыз - студенттер арасында экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету. Бұл ойындар жағдайды сараптап, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Бүгін қоршаған ортаға қатысты өзекті проблемалар да айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
