Қызылорда облысындағы динозаврлар мекені қайта зерттеледі
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданының «Шах-Шах» шатқалы динозаврлардың мекен еткен жері деп танылған. Бұл аумақта адамзат дәуіріне дейін тіршілік еткен жануарлардың сүйегі табылып, ғалымдар зерттеу жұмыстарын бастады.
Жалпы сонау 1959 жылы палеонтолог ғалым Анатолий Рождвественский тарихи орында қазба жұмыстарын жүргізіп, алып сүйектерді тапқан. Сыр жерінен табылған тіршілік иесіне Аралозавр атауын берген. Араға 66 жыл салып жергілікті археологтар мен тарихшылар Шах-шах шатқалына қайта оралды. Мұнда табылған жәдігерлерді динозаврдың сүйегіне балап отыр. Мамандардың пайымы бойынша олар 89 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінде өмір сүрген.
Асхат Сайлау, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы:
Аралозаврдың сол кездегі ең бүтін табылған сүйегі бас сүйегінің қаңқасы. Қазіргі уақытта ол Қазақ-ғылым академиясының полеонтология музейінде сақтаулы. Бұл жер әлі де Шах-шах шатқалы зерттелуі керек. Бұл жерлерде енді динозаврлар қорымы ретінде, тарихи насын ретінде тіркеуге алып, әлемдік деңгейдегі туристік орынға айналады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00