Телестудия жаңартылды
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде профессор Марат Барманқұлов атындағы жаңартылған телестудияның тұсаукесері өтті. Шараға ғалымның туыстары, шәкірттері, журналистика зерттеушілері мен студенттер қатысты.
Марат Барманқұлов - елімізде теле-радиожурналистиканың негізін қалаған ғалым. Оның бастамасымен Қазақ ұлттық университетінде телерадиожурналистика кафедрасы мен алғашқы телестудия құрылған. Орталық 2009 жылы телерадиокешен мәртебесіне ие болды. Биыл ол толық жаңартылып, заманауи құралдармен жабдықталды. Енді студенттер кәсіби тәжірибесін арттырып, тележурналистика, бейнемонтаж және подкаст жасау бойынша машықтана алады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00