ШҚО-ның ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ет пен сүт, балық пен шұжық және қымыз бен бал арзан бағамен сатылып жатыр. Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды. Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайындағы ипподром аумағында өтіп жатқан көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданының, сондай-ақ Қарағанды облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін әкелген. Шара бүгін және ертең, сағат таңғы 07:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. 150 тоннадан астам экологиялық таза өнім нарықтық бағадан 15–20% төмен бағамен ұсынылады.
Ажар Тәжібекова, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі:
Бұл жәрмеңкеге 100 тоннадан астам ет алып келдік. Өзіміздің Шығыс Қазқстанның барлығына танымал 60 тоннадан астам бал алып келдік. «Ауыл аманаты» бойынша ашылылып жатқан цехтарда өндірілген, қайта өңделген ет, бұқтырылған ет, шұжық алып келдік.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00