Қостанайда 1500-ден астам көшет отырғызылды
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы табиғатқа жанашыр жандардың басын қосты. Ауқымды шара Қостанай мен Арқалық қалаларында да жалғасты. Жұмыла еңбек еткен жұрт барлығы 1500 түптен аса ағаш отырғызды.
Мына жас қарағайдың биіктігі шамамен 3
метрден асады. 10 жылдық көшеттер Башқұрстан елінен әкелінген. Оны отырғызу
үшін күз бен көктем ең қолайлы шақ дейді мамандар. Себебі жер қатып, ағаш діңін
мығым ұстап тұрады. Бұл оның жерсінуіне жақсы.
Бірнеше жыл бұрын ғана бой көтерген жаңа саябаққа бүгін осындай қарағай мен шетеннің 700-ге жуық түбі отырғызылды. Қолдарына құрал-саймандарын алып 100-ден аса адам ағаш егуге сақадай сай келген.
Томирис Әнуарбек, қала тұрғыны:
Қостанай қаласы таза қалалардың бірі деп есептелінеді және біздің тұрғындарымыздың экологиялық мәдениеті жоғары. Instagram, facebook желілерінде осыған үлес қосыңыз деп жастарға, жас мамандарға айтып жүреміз. Басқа қалалардың тұрғындарын экологиялық мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Мұндай шара тұрғындар үшін игі дәстүрге айналған. Түрлі сала мамандары мен еріктілер, тұрғындар бас қосып, әр күз-көктем айлары ағаш егіп, сенбілікке шығады. Жақсы бастаманы Арқалық қаласының жастары да қолдады.
Әлиқожа Оңалбайұлы, студент:
Әр адам өмірінде бір ағаш болса да егіп кетуі керек. Жалпы бұл шараларға әр адамның қатысуы міндетті деп ойлаймын. Өйткені біз бұл мемлекетте тұрып жатырмыз және ол мемлекетті қолдау өте маңызды.
Данияр Қожахметов, Арқалық қаласының Жастар Орталығының директоры:
Дәл бүгін сенбілікке 200 ден астам қаламыздың белсенді жастары, 4 колледж бен университет студенттері шықты. Жалпы бұл акцияны қаламыздың жастары қолдайды. Әрдайым сенбілікке шығып, қаламызды таза ұстауға белсенді атсалысып жатыр.
Арқалық қаласы түлеп келеді. Жаңа
саябақтар мен демалыс орындары ашылған. Ондағы тазалықты сақтап, жасыл желекті
күтіп-баптауға жас буын да ынталы. Бүгін олар университет алды мен Ахмет
Байтұрсынұлы атындағы аллеяға 150 түп көшет отырғызды. Жалпы қалада бүгін экологиялық акция
арқасында барлығыс 500 қарағай егілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
