Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 770 гектар аумаққа ағаш егілді

Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 770 гектар аумаққа ағаш егілді

Бүгін облыс бойынша 7 300 түп көшет егіледі. Оның бірі маған сеніп тапсырылды. Бұл аумақты кейін оқушылардың өздері күтімге алады. 

Биыл сәуір айында еліміз бойынша алғаш рет Ақтөбе облысында «Мектеп орманшылығы» жобасы басталған еді. Ақтөбе қаласынан бөлек Ойыл, Қобда, Мәртөк және Әйтеке би аудандарынан 400-ден астам оқушы тартылып, 850 түп ағаш отырғызды. Ол аумақтарды оқушылардың өздері күтіп-баптап, әр ағашты жайқалып өсіп кеткенше қадағалады.

Диана Мұхамбетқали, оқушы:

«Мен осы акцияға бірінші рет қатысып тұрмын. Өте қызықты болып өтіп жатыр. Мен әрбір еккен талымның көмегімен осы қоршаған ортаға үлкен үлес қосқанымды сезініп жүрмін. Менің бір жоспарым бар, өзімнің кластастарыммен осы жаққа келіп, осы ағаштарды суарып, қарап жүруге»

 Бүгін өңірдегі 200-ден аса елді мекеннің халқы жаппай сенбілікке шықты. Олар елді мекендердің аумағын қоқыстан тазартып, ағаш екті. Тек Ақтөбе су қоймасының аумағына 100 түп терек, 100 түп шаған, 30 түп қайың отырғызылды. Шараға облыс әкімімен бірге өзге де мемлекеттік мекемелердің жетекшілері қатысты.

Асхат Шахаров, облыс әкімі:

«Мектеп оқушылары барып, тал егіп, күтіп ұстап, жасыл аймақты құруға мүмкіндік алады. Осымен арнайы айналысатын басқарма бірігіп, оларды оқытып, талды қалай егу керектігін, мамандар осымен айналысып келеді»

 Жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сәйкес облыс аумағында барлығы 11 миллион түп ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, өңірдегі барлық елді мекенде тазалық акциялары жалғасады.



Бөлісу