Басты Жаңалықтар Абай облысында 5 мың түп ағаш отырғызылды

Абай облысында 5 мың түп ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық акцияға Абай облысының тұрғындары белсенді қатысты. Өңірдегі аудандар мен 2 қалада бір мезетте ауқымды  сенбіліктер ұйымдастырылды. Нәтижесінде  1000 тоннадан астам қоқыс жиналып, бос жатқан аумақтар жасыл желекпен көмкерілді. Семей қаласында өткен жалпықалалық сенбілік барысында шаһарға кіре беріс аумақтар ретке келтірілді. Күре жолдардың бойы қоқыстан арылды. Халықаралық әуежай маңында экологиялық шара қатысушылар қаз-қатар жас теректерді отырғызды.

Мақсат Асқатов, қала тұрғыны:

Әр сенбі сайын, сенбілікке шығамыз. Бүгінгі күне міне ағаш отырғызу жұмыстарын жасап жатырмыз. Жастарымыз әрқашан осылай қаламызды таза ұстайтын болса. Біреуміз күрегімізді алып келіп, біреуміз шелектерімізді жан-жақтан осылай ат салысып көмек беріп жатырмыз.

Ал Қарағайлы ықшам ауданы маңында пайда болған жаңа саябаққа қарағай көшеттері егілді. Қоғамдық игі шараға шаһар тұрғындарымен қатар облыс әкімі, Берік Уәли де қатысты.Биылғы санитарлық-экологиялық айлыққа 227 мыңнан астам тұрғын, 10 мыңнан аса ұйым үлес қосқан.

Асар Төлеубек қала тұрғыны:

Өзімнің үлесімді қосайын, осы қаламызды көркейтейік деп бүгін міне сенбілікке, шырша егуге, көшеттерді егуге шығып отырмыз. Бұл енді қала тұрғыны ретінде міндетім деп санаймын өзім. Себебі болашақта өзім тұрып жатқан мекенім таза, көгалды болып тұрса өзім үшін.

Марат Теміржанов Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

Бүгінгі шараға облыс бойынша 15 мың халық қатысып отыр. Қарқынды жұмыстар аудан, облыста жүріп жатыр. Енді бұл жалғасын табады.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Абай облысы бойынша 44 іс-шарадан тұратын көлемді жоспар да бекітілген. Өңірде тек соңғы үш жылдың өзінде 213 мыңнан астам ағаш отырғызылған.


Бөлісу