Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан» акциясына ел бойынша 600 мыңнан астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» акциясына ел бойынша 600 мыңнан астам адам қатысты

Иә, бүгін ел көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Тазалық, табиғатқа қамқорлық және елдің экологиялық болашағы идеясы төңірегінде бүкіл ел жұмылды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, ауқымды шараға 610 мыңнан астам адам қатысып, 90 мың гектарға жуық аумақ тазартылды. Сондай-ақ 180 мың жасыл желек отырғызылған. Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, орман ресурсын болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді, - дейді мамандар.

Бөлісу