Президент «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Президент Астана қаласындағы «Ботаникалық» саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті.
Жалпыұлттық шара аясында биыл республика аумағында 2 миллион 400 мыңға жуық көшет отырғызылған. Экололиялық акция кезінде Мемлекет басшысы «Jasyl El» ұйымының белсенділерімен сөйлесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар сіздерден үлгі алады.
Нұрасыл Бекматов, «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі:
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Жасыл елдіктер болып, өз үлесімізді қосып жатырмыз. Соңғы екі жылда 70 мың белсендінің қатысуымен 2,5 мың іс-шара өткізілді. 50 мыңға жуық ағаш отырығызды және 46 мың тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» бастамасы бізге жаңа серпін берді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00