Жазушы Жұмабай Шаштайұлының туғанына – 75 жыл
Биыл Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлының туғанына – 75 жыл. Осыған орай Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілін еске алу кеші өтіп, қайраткерге арналған «Өзгермеген адам» атты кітап таныстырылды.
Еңбекте қаламгердің шығармашылық жолы, өмірлік
ұстанымы, елге сіңірген еңбегі жайлы архивтік деректер мен замандастарының
естеліктері топтастырылған. Шараға зиялы қауым өкілдері, жазушының шәкірттері
мен отбасы қатысты. Жұмабай Шаштайұлы еңбек
жолын газет-журналдарда бастап, халықаралық «Заман-Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің
және Қазақ радиосының бас редакторы қызметтерін атқарды. Жазушының «Қызыл қар», «Жала мен
нала», «Жыр
жолбарыс», «Біздің
заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты
жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты. Қайраткер қаламгер
ретінде қоғам жүгін, ел мұңын көтерген мазмұны терең, өткір мақалалар, шоқтығы
биік шығармалар жазып, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосты. Соңынан еріп, қолына қалам
ұстаған жастарға кемел ұстаз болып, шәкірттерінің шырағын жағып, талантын ұштады,
- дейді замандастары.
Бекен Ыбырайым, жазушы:
Қай шығармасында болсын, ең алдымен ел өміріндегі айтулы өзгерістерді, адамның тағдырын, табиғатын, қарапайым тіршілігін өз шығармаларының өзегі етті. Жұмабайды танитын, білетін адамдардың барлығының да бірауыздан айтатыны - соншалықты қарапайымдылығы. Осындай тұлғаның біздің қазақ әдебиетінің тарихында, қазақ журналистикасының тарихында өзіндік орны ешқашан өшпейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
