Президент: ТМД елдерінің сауда айналымы $110 млрд-қа жетті
ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дəлелдеді. Душанбеде өткен ұйым мемлекеттері басшылары кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мəлімдеді. Президент елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға жəне Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсыныс айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру негізгі басымдықтардың бірі болып қалуы тиіс. Былтыр ТМД елдерінің сауда айналымы 8 пайызға көбейіп, 110 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі соңғы бес жылда бір жарым есе өсіп, 38 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш Ұйымның сауда-экономикалық əлеуетін көрсетеді жəне əлі де мүмкіндіктердің бар екенін байқатады. Бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мəн беру керек деді.
Инвестиция тарту, көлік-транзит əлеуетін тиімді пайдалану, цифрлық шешімдер енгізу жəне өңірлердің тең дəрежелі байланыстарын дамыту басымдықтардың қатарында болуға тиіс. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
