Р.Берденов ісі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты іске нүкте қойылды. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін айыпталушы Ернар Жиембай бас бостандығынан айыру жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұраған. Ол кісі өлтіру ниеті болмағанын айтты. Ал жәбірленушінің адвокаттары, айыпталушының шабуылға мұқият дайындалғанын айтып, керісінше, істі қайта саралауды талап еткен еді. Алайда сот екі тараптың да өтінішін қанағаттандырмады. Енді Руслан Берденовтің қарамағында болған қызметкер тоғыз жылын түрмеде өткізеді. Үкім заңды күшіне енді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00