Бүгін – Еуропалық донор күні
Бүгін – Еуропалық донор күні. Осыған орай Астанадағы «Асыл қадам» аллеясына ақ халаттылар көшет отырғызды.
Атаулы күн біздің елде 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұндағы мақсат – ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытуға қоғамның назарын аудару. Елде ең алғаш ағза ауыстыру 2012 жылы басталды. Содан бері 3200-ден астам трансплантациясы жасалған. Оның басым бөлігі туыстық донор. «Ал мәйіттік донор мәселесі әлі де маңызды» дейді мамандар. Қазір елде 7 трансплантация орталығы жұмыс істейді. Барлығы да ең озық медициналық қондырғылармен жабдықталған.
Назгүл Жангелдина, транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі орталық директорының орынбасары:
Құрал-жабдықтар, дәрігерлер бәрі жеткілікті. Бұрын бүйрек, бауыр, өкпе деп кететін болсақ, қазір бір бүйректі екіге бөледі. Слим-трансплантация дегендерді де дәрігерлер дамытып жатыр.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00