Өзбекстанда басшылық лауазымдағы шенділер қысқартылады
Өзбекстанда басшылық лауазымдағы шенділердің саны азаймақ. Екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылады. Ел президенті тиісті жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес оңтайландыру науқаны қараша айында басталады. Бұл өзгеріске барлық салада жасанды интеллекттің енгізілуі де өз әсерін тигізіп отыр. Ең көп қысқарту су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрліктері мен салық комитетінде жүргізіледі. Алдағы уақытта персоналды оңтайландыру жөніндегі комиссия құрылмақ. Еңбекпен қамту министрлігі мен кәсіподақтар федерациясы қысқартуға іліккен шенеуніктерге жұмыс тауып беруі тиіс. Лауазым иелерінің санын ықшамдап, керісінше қарапайым менеджерлер қатарын көбейтуге басымдық беріледі.
Дильшоджон Каримов, әлеуметтік сарапшы:
Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарын құруға көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде 300 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Кедейшілік деңгейі бес жылда бес есеге жуық азайды.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00