Басты Жаңалықтар Жетісу облысында 200 баспана ел игілігіне беріледі

Жетісу облысында 200 баспана ел игілігіне беріледі

Жетісу облысында биыл 200  баспана ел игілігіне берілмек. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы құрылыс  қарқынын бақылап,  мердігерлердің жұмысымен танысты.  

Өңір басшысының «Үш ата» монументінің жөндеу жұмыстарына көңілі толмады. Тас төсеніштер мен баспалдақты салғанда бірқатар  кемшілік кеткен. Облыс әкімі жұмыстың сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.    

Асылан Бекенов, мердігер мекеме басшысының орынбасары:

Сын-ескертпелер айтылды. Оның ең бастысы - қойылған баспалдақтардың шығарылған көлемі артық болғаны. Ол жасалады. Ескерту қабылданды. Жалпы, бұл жұмысты табыстау мерзімі 1 ай.

Қаладағы «Құлагер» ықшамауданында биыл жаңа саябақ ашылды. Тағы біреуінің  құрылысы аяқталуға тақау. Сондай-ақ бірнеше тұрғын алабында ойын алаңдары жаңартылып жатыр.

Роза Цой, қала тұрғыны:

Жаз аяқталып, күз келді. Енді қар түскенше жұмысты аяқтаса екен деп отырмыз. Себебі біз үшін бұл өзекті мәселе болған. Балалардың ойнайтын жері болмаған. Әкімдік біздің өтінішімізді ескеріп, ауланы жасатқызып жатыр. 

Қаладағы  жаңа Жастар-3 шағын ауданында бір мезгілде ондаған үй салынып жатыр. Былтыр  50 үйге тұрғындар қоныстанды. Биыл тағы 200–і ел игілігіне берілмек.

Ернат Бәзіл, Талдықорған қаласының әкімі:

Екі-үш жылда 780 үй үлкен бір ықшам аудан болады. Келесі ол жерге жоба жасаймыз. Ол үлкен парк болады. Бизнес объектілер болады. Және біз асфальт бастап кеттік.

Жұмыс тобы көпқабатты үйлердің сапасын да назардан тыс қалдырмады.  Жол жөндеу жұмыстары да көп ұзамай аяқталуы тиіс.


Бөлісу