Қызылордада нан өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашылды
Қызылордада нан өнімдерін шығаратын үлкен кәсіпорын ашылды. Іргелі жобаны жергілікті кәсіпкер жүзеге асырып, 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйған. Заман талабына сай салынған наубайхананың жұмысын тілшіміз Әділбек Серікұлы көріп келді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жаңа кәсіпорында 80-нен астам нанның түрі бар. Мынадай пеште бір сағатта мыңға жуық нан пісіріледі. Ал күніне мұнда 25 мың дана нан шығады.
Наубайханадан бөлек, тоқаш, макарон және кондитерлік тәттілер өндіретін бірнеше цех жұмыс істейді. Барлығы озық технологиямен жабдықталған.
Нұрбек Есенәлиев, Цех жетекшісі:
6 түрлі макарон бар. Күніне бір түрін қайталап шығара береміз. Бір күн вермешель болса, ертесіне ракушка, рожки, гладки, перешки деген неше түрлі атауларымен бар.
Бұл аймақта ашылған ең үлкен нан шығаратын кәсіпорын. Ауқымды жоба мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асты. Енді кәсіпкер халықты әлеуметтік маңызы бар нан өнімдерімен толық қамтамасыз етпек. Зауытта 120 адам тұрақты жұмыс істейді.
Ержан Ескендір, Кәсіпорын директоры:
Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. 5 гектар жер бөлінді. 70 млн теңгеге инженерлік-инфрақұрылым тартылды. Печенье сағатына 300 кг өнім шығаратын қуаттылығы болса, макарон өнімдерінің жалпы қуаттылығы сағатына 200 кг өнім шығады.
Жалпы, жоба екі кезеңнен тұрады. Келер жылы ұн шығаратын
цех іске қосылмақ. Яғни, жаңа кәсіпорынның ауқымы кеңейіп, тағы 50 адамға
жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
