ШҚО-да алтынды заңсыз қазғандар қамалды
Шығыс Қазақстан облысындағы Шыбынды өзені аңғарында шамамен 7 келіге жуық алтын заңсыз өндірілген. Соның салдарынан қоршаған ортаға 300 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Тінту кезінде 7 келіге жуық алтынмен бірге 10 млн теңге және 56 мың доллар тәркіленді. Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазір қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директорының орынбасары басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, алтын өндірумен айналысқан.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00