Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында қырылған құсқа өтемақы төленеді

Солтүстік Қазақстан облысында қырылған құсқа өтемақы төленеді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Бугровое ауылында қырылған үй құстарына өтемақы төленеді.

Елді мекенде екі аптада 3 мыңнан астам қанатты шығынға ұшырады. Зертханалық сараптама оған пастереллез ауруы себеп болғанын көрсетті. Аталған инфекция құстан мал мен адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан етін тұтынуға тыйым салынады. Тұрғындардың айтуынша жасалған ем нәтиже бермей отыр. Өлексе арнайы орында жойылып, дезинфекция жасалады. Пастереллез аса қауіпті аурулар санатына жатпайды. Сондықтан мемлекет тарапынан өтемақы төлеу мәселесі қарастырылмаған. Дегенмен, тұрғындармен кездескен аудан әкімі бюджеттік емес қаражат есебінен шығын өтелетінін жеткізді.

Бейбіт Исманов, Қызылжар ауданының әкімі:

Әр үй мен шаруашылықта өлген құстың санын тіркеу қажет. Сол құжатқа орай ішінара өтемақы төленеді. Жартысы қаражат, жартысы жем түрінде берілуі мүмкін. Пастереллез тез таралатын инфекцияға жатпайды. Сондықтан шектеу шаралары енгізілмейді.
 

Бөлісу