Жамбыл облысында Түркістанға ағатын канал тазаланды
Жамбылдағы Фурманов айналма каналының ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары аяқталды. Айналма каналды соңғы 40 жылда алғаш рет тазалау жұмыстары қолға алынған еді. Канал арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігі тазартылды. Оған 8 шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш техникасы тартылды. Ал каналдың жалпы ұзындығы 120 шақырым. Жергілікті тұрғындар су арнасын тазалау өңір үшін маңызды екенін айтады.
Темірлан Ақбалаев, Мойынқұм ауданының тұрғыны:
Бұл канал осы жерден шығатын Қылышбай ауылы, Құмөзек ауылы, Қарабөгет ауылы, Сарыөзек ауылы – 4 ауылды басып өтеді. Бұл өзеннің бізге өте маңызы бар. Қаншама бақша, қаншама мал су ішеді, қаншама шабындық бар.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00