Басты Жаңалықтар Көркем жүзушілер Азия чемпионатын бірінші орынмен аяқтады

Көркем жүзушілер Азия чемпионатын бірінші орынмен аяқтады

Қазақстандық көркем жүзушілер Азия чемпионатын бірінші орынмен аяқтады. Үндістанда өткен сары құрлық бәсекесінде спортшыларымыз бас-аяғы 11 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі алтын, екеуі күміс және екеуі қола. Жарыстың соңғы күнінде командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды. Спортшыларымызға қазылар алқасы 190 ұпай берді. Екінші орынды Таиланд құрамасы иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді. Азия біріншілігі әрі қарай су добы сайысымен жалғасады.

Бөлісу