Басты Жаңалықтар Елімізде 21 млн 300 мың тонна астық қамбаға құйылды

Елімізде 21 млн 300 мың тонна астық қамбаға құйылды

Елімізде егін орағы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін 21 миллион 300 мың тонна астық қамбаға құйылды. Бұл жайында Абай облысына келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министр өңірдегі шаруалар мен өнім өндірушілермен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Облыста 11 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Президенттің егіс алқаптарын әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, майлы дақылдар алаңы 43 мың гектарға дейін ұлғайған. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 32 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Қайырлы Қасенов, шаруа қожалығының жетекшісі:

Президентіміз ауыл шаруашылығына көңіл бөлетінін құрылтайда айтты. Содан бері біршама қаражат бөлініп жатыр. Қазір 5 пайызбен қаншама несие берілуде. Бұрын мал шаруашылығы қиын еді. Қазір қан жүгіріп, жақсарып келе жатыр.

Бөлісу