Басты Жаңалықтар 579 млн теңге несие алдырған: Ақтөбеде 136 адамды алдаған емшіге сот үкімі шықты

579 млн теңге несие алдырған: Ақтөбеде 136 адамды алдаған емшіге сот үкімі шықты

Ақтөбеде 136 адамды алдап, 579 миллион теңгеге несие алдырған емшіге сот үкімі шықты. 51 жастағы Сұлушаш Қазбаева емхана ашамын, тойхана саламын, қызымды емдетемін деп, еміне дауа іздеп келгендердің сеніміне кірген. Бұл іс тоғыз ай тергелді. Алданған тұрғындардың кейбірінің емшіге 24 миллион теңгеге дейін несие алып бергені анықталды. Қыруар қаржысынан қағылғандардың арасында зейнеткерлер, жалғызбасты аналар мен мүгедек балаларын емдетпекші болған ата-аналар да бар. Сот Қазбаеваға қаржыны толық қайтаруды міндеттеп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Алайда жазасын тек екі жылдан кейін өтейді.

Тұрсынхан Салықов, №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

Сотталушының жас баласы болуына байланысты жазасын  орындауды сот екі жылға кейінге қалдырды. Ол заңда белгіленген, көрсетілген. Заң сотқа міндеттеген.


Бөлісу