Басты Жаңалықтар Бүгін – Дүниежүзілік мақта күні

Бүгін – Дүниежүзілік мақта күні

Бүгін – Дүниежүзілік мақта күні. Осыған орай Түркістан облысында «AQ-DALA» мақташылар фестивалі ұйымдастырылып, өңірдегі мақта шаруашылығының жетістіктері мен жаңалықтары дәріптелді. «Еңбек адамы жылы» аясында мақташылар мен шаруашылықтардың еңбегіне құрмет көрсетілді. Осы салада жылдар бойы еңбек етіп, үлес қосып жүрген шаруалар марапатталды. Биыл аймақ диқандары 144  мың гектарға мақта егіп, 55 пайыз ақ алтын жинады. Мақта бағасы 250 теңгеден белгіленіп, қабылданып жатыр. Өнімділікті арттыру үшін жаңа шетелдік озық технологиялар енгізілген. Қазір тамшылатып суару әдісімен егілген егіс көлемі 50 мың гектарға жетті. Арнайы экономикалық аймақтан мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау бойынша көпсалалы зауыт та салынып жатыр.

Әлібек Плалов, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда осы жерде екі зауыт жұмыс істеп жатыр. Түркістанда қосымша жіп иіретін, мата шығаратын және оны бояйтын зауыттар іске асырылады. Яғни, толық циклді мақтаны еккеннен бастап, өңдеп, дайын өнімге дейін шығарады. Дәл осындай Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарында жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.


Бөлісу