Елімізде 49 ескерткіш заңсыз орнатылған
Соңғы бес жылда еліміздің он өңірінде 49 ескерткіш заң талаптарын сақтамай орнатылған. Мәселен, Түркістанда 17, ал Қостанай облысында 15 өнер құрылысы заңсыз тұрғызылғаны анықталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Министрдің айтуынша, тіпті республикалық комиссия қолдамаған жобалар да өз бетімен орнатылып кеткен. Кейбір мүсіндер жеке меншік аумақтарға қойылып, ескерткіш пен шағын архитектуралық нысанның айырмасы да мүлдем ескерілмей қалған. Осы орайда Суретшілер одағының мүшесі Серғазы Жаманқараев ескерткішті орнату кезінде оның орналасқан жері кең әрі адамдар көп жүретін аймақ болуы керектігін атап өтті.
Серғазы Жаманқарев, суретші-мүсінші:
Алды өте биік емес, 2-3 қабатты ғимараттар болса, соған сәйкестендіріп, 5-3 метрлік, парктің іші, адамдар көп жүретін, алыстан ескерткішке жақындағанда өзінің биіктігі мен сәйкестігі қаралуы керек болады. Орнатқаннан кейін көлеңке жарықтары қалай түсуі керек, түнгі уақытта қалай көрінуі керек, алыстан келе жатқандағы келбеті, биіктігі, сол жерге сәйкестігінің бәрі қарастырылуы керек.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00