Интернет алаяқтыққа қарсы заң күшейе түсті
Елімізде жыл басынан бері 16 мыңнан астам интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Салдарынан тұрғындар 34 млрд теңгесінен қағылды. Алайда бұл қылмыстардың тек 3 500-і ғана ашылған. Киберқылмысқа қарсы күресті күшейту үшін заң шығарушы органдар өзгерістер мен ережелерді әзірлеп, полиция қызметкерлерімен талқылайды. Қабылданған талаптарың бірі дропперлер мен сталкерлердің жолын бөгеуге бағытталған. Енді өзге адамның атына банк картасы немесе шот ашып, оны заңсыз ақша айналымына пайдаланғандар, сондай-ақ біреудің өмірін жасырын бақылайтындар заң алдында жауап береді. Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, бұл ереже ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып Қазақстанда енгізіліп жатыр.
Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:
Бұл жаңа норма адамдарда әлі санасында қылмыс деген түсінік жоқ. Олар қалыптасқан әдет бойынша сол әрекеттерді жасай беруі мүмкін. Сол себепті мұны қылмыстық теріс қылық дейміз. Ең максималды жаза шегі 50 тәулікке дейін қамауға алу. Бірінші кезекте Алматы қаласында қалай жұмыс жасайды? Соның тәжірибесіне қарай отырып біз бұл бапты әрі қарай жетілдіреміз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00