Басты Жаңалықтар СҚО-да қырылған құсқа өтемақы төленеді

СҚО-да қырылған құсқа өтемақы төленеді

Солтүстік Қазақстан облысында пастеррелезден қырылған үй құстарына өтемақы төленеді. Теріскейдегі әріптесім Эльмира Кәленова Қызылжар ауданындағы Бугровое ауылынан тікелей эфирге шығып тұр.

Эльмира Кәленова, тілші:

Аудандық ветеринарлық станцияның мәліметінше, 3 мыңнан астам қанатты шығын болды. Тұрғындардың айтуынша, ауру әлі де бәсеңдемей тұр. Елді мекенде дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Сараптама үй құстарының пастереллезге шалдыққанын көрсетті. Болжам бойынша инфекция жабайы қанаттылардан жұққан. Үкімет қаулысына сәйкес, пастереллез аса қауіпті аурулар санатына жатпайды. Сондықтан оған өтемақы төлеу қарастырылмаған. Вакцина да жоқ. Дегенмен тұрғындармен кездескен Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов бюджеттік емес қаражат есебінен өтемақы төленетінін жеткізді.


Бөлісу