Шымкенттен 370 адам ШҚО-ға көшпекші
Биыл оңтүстіктен шығысқа ерікті түрде 370-тен аса адам қоныс аударуға ниетті. Осы мақсатта Шымкентте «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру» бағдарламасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шарада Шығыс Қазақстан облысының өкілдері мыңнан астам вакансия ұсынды. Қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан тұрғын үй және көшуге арналған субсидия қарастырылған. Отбасының әр мүшесіне 270 мың теңгеден астам қаржылай көмек төленеді. Бағдарлама шарты бойынша, жаңа өңірде кемінде бес жыл тұрақты тұру қажет. Бұл бастама жұмыс күші тапшы аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына оң ықпал етеді, дейді жауаптылар.
Данияр Дүйсенбаев, ШҚО Қатонқарағай ауданының әкімі:
Жұмыс орындарының ашылуына байланысты 122-нің ішіндегі 57 жаңадан салынып жатқан Халықаралық әуежайға техникалық мамандығы бар мамандар керек. Оларды оқытып, сол жерге қызметке тұрғызуға мүмкіндігіміз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00