Шығыс Қазақстан облысында жылу толық берілді
Шығыс Қазақстан облысындағы барлық нысан жылуға қосылды. Биыл өңірдегі 190 дербес және 33 орталықтандырылған қазандық толық әзірленді. Елу үш шақырымға жуық жылу желілері, 537 шақырым электр желісі, 39 қосалқы станция және 55 трансформаторлық пункт жөнделді. Оған қоса өңірдегі ірі үш жылу электр орталығы да толығымен іске қосылды. Басты назар әдеттегідей Риддер ЖЭО-да. Биыл қаладағы 6 қазандықты жаңарту толық аяқталды. Облыстағы бюджеттік мекемелерге қажетті көлемдегі отын да жеткізілді. Өңір тұрғындары үшін 352 мың тонна көмір әзірленді. Барлық жылыту орталықтарында 20 тәулікке жететін көмір мен мазут қоры дайындалды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00