Шымкентте кілем тоқу ісін жолға қойған еліміздегі тұңғыш фабрика жұмыс істейді
Шымкентте кілем тоқу ісін жолға қойған еліміздегі тұңғыш фабрика жұмыс істейді. Мұнда еңбек ететін 500-ден астам адам күн сайын мыңдаған өнім дайындайды. Жас буын да бүгінде сол үлкен еңбектің бір бөлшегіне айналып отыр.
Дәл қазір
біз еліміздегі алғашқы әрі ірі кілем фабрикасындамыз. Мұндағы мыңдаған жіптің
тоғысуымен жыл сайын 7 милионнан астам шаршы метр кілем тоқылып шығады. Бұл
кәсіпорында өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған жас тоқымашылар да бар.
Солардың бірі біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Әйгерім Тұрысбек. Айгерім, жалпы
бұл салаға қалай келдіңіз? Мамандықты таңдауға не себеп болды?
Әйгерім Тұрысбек, тоқымашы:
Жалпы бұл фабрикада жұмыс жасап келе жатқаныма 3 жылдан аса уақыт болды. Алғашқыда жұмысқа келгенімде тоқымашы деген мамандықты бірінші рет естідім. Және де осындағы станоктар арқылы неше түрлі дизайнда неше түрлі ою-өрнекте кілем тоқып шығарып жатқанын көріп, бұл мамандық менікін екенін түсіндім. Және осы мамандық арқылы болашақта өзімді дамытқым келеді.
25 жастағы Әйгерім – фабриканың жас маманы. Ол оқу
орнында «дизайнер» мамандығын меңгерген. Қазір сол білімі тоқымашылықпен біте
қайнасып, кілем өрнектеріне жаңа рең беріп отыр. Мұндағы әр бұйым мыңдаған
жіптің қиылысуынан ғана емес, жас буынның талғамы мен қиялынан да туындайды.
Әйгерім үшін станоктың әрбір қозғалысы – шабыт пен шыңдалудың сәті. Ол дәстүрлі
өнерді жаңашылдықпен ұштастырып, кілем тоқу ісіне өзіндік қолтаңбасын қосып
келеді.
Әйгерім Тұрысбек, тоқымашы:
Жұмысымның ең ұнайтын бөлігі өзім тоқып шыққан кілемдердің дайын болғанын көріп тамсану. Әрбір өрнекке менің еңбегімнің сіңгенін білу ерекше бақыт мен үшін. Бұл жәй жұмыс емес, менің қолымнан шыққан өнерді көру, лязааты бөлек мен үшін.
Жаңа заманның жастары көбіне жеңіл кәсіпке ұмтылатын
тұста, тоқыма ісін меңгерген жастар – нағыз еңбек адамының үлгісі. Мұндағы
әрбір кілемде тоқымашының төзімі, табандылығы және өнерге деген құрметі көрініс
табады. Олардың қолынан шыққан әр бұйым – тұрмысқа қажетті зат қана емес,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мәдени мұра. Жас буынның осы іске қызығуы –
дәстүрдің үзілмей, болашаққа жалғасатынын көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
