ЖИ – қауіпсіздік пен логистиканың жаңа дәуірі
Жасанды интелект адамның орнын алмастыра ала ма? Иә, соңғы уақытта көп талқыланатын тақырыптың бірі осы. Digital Bridge форумының қорытынды күнінде де осы мәселе көтерілді. Қарыштап дамыған технология мүмкіндіктері еңбек нарығын қалай өзгертуі мүмкін? Жиында әртүрлі саланың өкілдері осы сауалға жауап берді.
Иә, шынында бүгін форумның соңғы күнінде қызық
талқылаулар өтіп жатыр.Тақырып қарапайым болғанмен, көпшілікті толғандыратыны
рас. Оны тікесінен-тік тұрып, сарапшыларды мұқият тыңдаған жандардың көптігінен
аңғардық. Сонымен, жиі айтып жүрген ЖИ. Яғни жасанды интеллект — жаңа дәуірдің құралы.
Тың технология адамға көмекші болуы тиіс, бірақ адамдық құндылықтар, шеберлік
пен шығармашылық және сыни ойлау жоғалмауы керек. Мамандардың тоқтамы осы. Әр заманның өз игілігі бар . Кері шегінсек, оқ
дәрі мен электр энергиясы адамзат өмірін қалай өзгертсе жаңа инновация да тура
солай тұрмысты жеңілдетуге арналған құрал. Яғни ЖИ қолдағы қару, ал оны қалай
пайдалану адамның өз еркінде.
Арман Нұрышев, VK цифрлық технологиялары өкілдігінің басшысы:
Біз AI бәрін жасайды деп емес, ол тек көмектеседі деген қағиданы ұстануымыз керек. Технология адамның орнын баспайды, тек мүмкіндігін кеңейтеді. Оның жаны жоқ екенін естен шығармаған абзал. Бүгінгі балалар жасанды интелектпен қатар өсіп келеді. Оларды тек қолданушы емес, технологияны түсінетін, бағыттай алатын буын етіп тәрбиелеу басты міндет.
Сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі қауіпсіздік пен логистиканың болашағы да сөз болды. Мысалы, энергетика саласында дрондар электр желілерін тәулік бойы бақылап, ақауларды өздігінен анықтайды. Ал логистикада — тауар жеткізуді оңтайландырып, жол қозғалысын реттеу мүмкіндігін береді. Қауіпсіздік саласында да AI-дрондар стратегиялық нысандарды күзетіп, шекара бойындағы бақылауды күшейтеді. Қазір қолданыстағы дрондардың ұшу жылдамдығы сағатына - 35 км. Ең жоғары көтерілу биіктігі - 6 км. Жаңа талқылау соңында Қорғаныс министрінің орынбасарымен сұхбаттасқан едік. Режиссерлер соны экранға берсеңіздер.
Сонымен жылдың басты оқиғаларының бір
саналатын Диджитал бридж аяқталуға жақын. 2 сағаттан соң үш күнге жалғасқан форумның жабылу салтанаты өтеді. Іс-шара
аясында түрлі салаға ЖИ енгізу жайы талқыланды. Шетелдік білікті сарапшылар
келді. Алем AI орталығы ашылды. Жалпы бұл жиын елдегі жасанды интелект
саласын дамытуға серпін беретіні анық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
